External Publication
Visit Post

«Халықтың үндемеуі қарсылық жоқ дегенді білдірмейді — ол тереңде жатыр»

Последние новости Казахстана и мира - Аналитический интернет-жу… March 30, 2026
Source

Читайте этот материал на русском.

Read this article in English.

15 наурызда Қазақстан халқы, ресми мәліметке сүйенсек, референдумда елдің жаңа Конституциясын мақұлдады. Билік мұны «мемлекетті трансформациялаудың» ақырғы кезеңі деп атады, енді «жаңа Қазақстан» басталмақшы.

«Власть» сөйлескен сарапшылар басқа пікірде: супер президент үлгісі сақталып қана қоймай, күшейе түсті, ал қоғамның мемлекеттік жүйеге араласуы және оны бақылауы қиындады.

Солай бола тұра азаматтар арасында шешім қабылдауға араласуға, биліктің ашық болғанына және саяси құқықтың кеңейтілгеніне сұраныс өсіп жатыр. Ал билік бұрынғыдай сайлаудың «декорация» түріндегі және нәтижесі алдын ала белгілі референдум практикасын ғана ұсынып отыр. Алайда экономикалық ахуалдың нашарлауы жалғаса беретін болса, қоғамда наразылық күшейе түседі және арты наразылыққа ұласады.

Мұндай жағдайда билікке жаңа Конституция қабылдауға мүмкіндік берген транзит түрі Назарбаев кезеңіндегі проблемаларға ұрындырады, элита арасындағы текетірес пен саяси тұрақсыздық болуы да ықтимал болып қала береді.

Discussion in the ATmosphere

Loading comments...