External Publication
Visit Post

Облысқа өзге өңірден 600-ден астам отбасы қоныс аударды

Газета Наш Костанай [Unofficial] May 15, 2026
Source
Өңірде қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде көшіп келушілерді қабылдау жалғасып жатыр. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегіне сәйкес, биылғы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өңірлік квотаға 600-ден астам адам енгізілген. Бағдарлама еңбек ресурстарының қозғалысын арттырып, маман тапшылығы бар өңірлерді қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған. – Қоныс аударушы отбасы арнайы бекітілген тізім бойынша тұрғылықты мекенін өз бетінше таңдайды. Қандастардың 92%-ы Өзбекстан Республикасынан келген. Ал еліміздің Оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушылар негізінен Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келуде, – деп хабарлады Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан. Ерікті қоныс аудару ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, биыл экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша төлем көлемі 1625 АЕК-ке дейін ұлғайтылған. Сонымен қатар отбасының әр мүшесіне көшуге байланысты материалдық көмек ретінде 302 750 теңгеден беріледі. Ал тұрғын үй жалдау шығындарын өтеу үшін, 1 жылға дейінгі мерзімге ай сайын қаржылай көмек 15-30 АЕК аралығында белгіленген. Назгүл Азатқызы, сурет «Наш Костанай» газетінің мұрағатынан алынды Сообщение Облысқа өзге өңірден 600-ден астам отбасы қоныс аударды появились сначала на Газета "Наш Костанай".

Discussion in the ATmosphere

Loading comments...