{
"$type": "site.standard.document",
"bskyPostRef": {
"cid": "bafyreiazynjsn4t3j3x5ebuyuxbguixhwihczprdjjnguhsnpficnfntuu",
"uri": "at://did:plc:av64nrsc7sczp26nmabnikse/app.bsky.feed.post/3mibvvnkezb32"
},
"coverImage": {
"$type": "blob",
"ref": {
"$link": "bafkreifapmq3m2npler2uj4b5ej4lipq3tssnbvo735dq3jdwn6hl47i6u"
},
"mimeType": "image/jpeg",
"size": 363019
},
"path": "/vlast-qazaqsha/68837-halykty-ndemeui-karsylyk-zok-degendi-bildirmejdi-ol-terede-zatyr.html",
"publishedAt": "2026-03-30T09:10:00.000Z",
"site": "https://vlast.kz",
"tags": [
"Власть Qazaqsha",
"русском",
"English"
],
"textContent": "_Читайте этот материал на русском._\n\n_Read this article in English._\n\n15 наурызда Қазақстан халқы, ресми мәліметке сүйенсек, референдумда елдің жаңа Конституциясын мақұлдады. Билік мұны «мемлекетті трансформациялаудың» ақырғы кезеңі деп атады, енді «жаңа Қазақстан» басталмақшы.\n\n«Власть» сөйлескен сарапшылар басқа пікірде: супер президент үлгісі сақталып қана қоймай, күшейе түсті, ал қоғамның мемлекеттік жүйеге араласуы және оны бақылауы қиындады.\n\nСолай бола тұра азаматтар арасында шешім қабылдауға араласуға, биліктің ашық болғанына және саяси құқықтың кеңейтілгеніне сұраныс өсіп жатыр. Ал билік бұрынғыдай сайлаудың «декорация» түріндегі және нәтижесі алдын ала белгілі референдум практикасын ғана ұсынып отыр. Алайда экономикалық ахуалдың нашарлауы жалғаса беретін болса, қоғамда наразылық күшейе түседі және арты наразылыққа ұласады.\n\nМұндай жағдайда билікке жаңа Конституция қабылдауға мүмкіндік берген транзит түрі Назарбаев кезеңіндегі проблемаларға ұрындырады, элита арасындағы текетірес пен саяси тұрақсыздық болуы да ықтимал болып қала береді.",
"title": "«Халықтың үндемеуі қарсылық жоқ дегенді білдірмейді — ол тереңде жатыр»"
}