{
  "$type": "site.standard.document",
  "bskyPostRef": {
    "cid": "bafyreifqnccpaznmilpqe6cm7ec4dnpnzv6gxhmuagydtfzx2kdbt2ataq",
    "uri": "at://did:plc:kzpe3hxbotmnxspmoy3vohpu/app.bsky.feed.post/3mlvcz4zb2ti2"
  },
  "coverImage": {
    "$type": "blob",
    "ref": {
      "$link": "bafkreibw5mqr4vcft42wdpsbgd63vkclmqumpw5hpfqt3i7qlntalbk2ha"
    },
    "mimeType": "image/jpeg",
    "size": 3948451
  },
  "path": "/oblys%d2%9ba-%d3%a9zge-%d3%a9%d2%a3irden-600-den-astam-otbasy-%d2%9bonys-audardy/",
  "publishedAt": "2026-05-15T10:12:12.000Z",
  "site": "https://top-news.kz",
  "tags": [
    "СОЦИУМ",
    "Облысқа өзге өңірден 600-ден астам отбасы қоныс аударды",
    "Газета \"Наш Костанай\""
  ],
  "textContent": "Өңірде қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде көшіп келушілерді қабылдау жалғасып жатыр. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегіне сәйкес, биылғы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өңірлік квотаға 600-ден астам адам енгізілген. Бағдарлама еңбек ресурстарының қозғалысын арттырып, маман тапшылығы бар өңірлерді қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған. – Қоныс аударушы отбасы арнайы бекітілген тізім бойынша тұрғылықты мекенін өз бетінше таңдайды. Қандастардың 92%-ы Өзбекстан Республикасынан келген. Ал еліміздің Оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушылар негізінен Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келуде, – деп хабарлады Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан. Ерікті қоныс аудару ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, биыл экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша төлем көлемі 1625 АЕК-ке дейін ұлғайтылған. Сонымен қатар отбасының әр мүшесіне көшуге байланысты материалдық көмек ретінде 302 750 теңгеден беріледі. Ал тұрғын үй жалдау шығындарын өтеу үшін, 1 жылға дейінгі мерзімге ай сайын қаржылай көмек 15-30 АЕК аралығында белгіленген. Назгүл Азатқызы, сурет «Наш Костанай» газетінің мұрағатынан алынды\n\nСообщение Облысқа өзге өңірден 600-ден астам отбасы қоныс аударды появились сначала на Газета \"Наш Костанай\".",
  "title": "Облысқа өзге өңірден 600-ден астам отбасы қоныс аударды"
}