Көкжиде. Мұнайды — судан, игеруді табиғаттан жоғары қою
Көкжиде — Қазақстандағы ең ірі жерасты тұщы су көзінің бірі. Әртүрлі бағам бойынша, онда кемі 1,5 миллиард текше метр су қоры бар. Билік, тіпті, осы жерден су құбырын тартып, елдің батысын толық сумен қамтамасыз етуді жоспарлаған.
Әйтсе де, дәл сол жерде сонау кеңес кезінде мұнай табылып, оны белсенді түрде өндіре бастаған. Қазір бұл маңайда қытайлық China National Petroleum Company (CNPC) компаниясына еншілес ұйым мен тағы төрт жеке компания мұнай өндіреді.
Мұнай мен су ресурстарының бір жерде шоғырлануы қоғам белсенділері, жергілікті тұрғындар мен экологтардың мұнай компанияларына қарсы күресуіне себеп болды. Бірі өндіріс кезінде суға мұнай өнімдері түседі десе, екіншісі «Көкжиде проблемасын» жоққа шығарады.
Бұл күреске үкіметтің ақпан айындағы «өнеркәсіп және экология қауіпсіздігі бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып» мұнай өндіруді жалғастыру туралы шешімі нүкте қойды.
«Власть» Көкжиде су бассейні төңірегінде не болып жатқанын білу үшін мұнай компаниясы өкілдерімен, экологтармен және өңірдегі қоғам белсенділерімен сөйлесті.
Бұл — Көкжиде жерасты суы, мұнай компаниялары мен жергілікті тұрғындардың жағдайы туралы материалдар сериясының үшіншісі. Көкжиде маңындағы мұнай кенттері туралы бірінші бөлімді және өңірдегі еңбек жағдайы жайындағы екінші бөлімді оқи отырыңыз.
Read this article inEnglish.
Читайте этот материал нарусском.
Discussion in the ATmosphere