{
  "$type": "site.standard.document",
  "bskyPostRef": {
    "cid": "bafyreiclkll2ia4wai2uyvud6aivl3nqhajlgxdtmvnasm3cxlc4cxxnha",
    "uri": "at://did:plc:av64nrsc7sczp26nmabnikse/app.bsky.feed.post/3mftax53sx372"
  },
  "coverImage": {
    "$type": "blob",
    "ref": {
      "$link": "bafkreifpmf6mikit2w6pk2z3o3eusz54qnagpjrd7zket62ivpgv5zc52q"
    },
    "mimeType": "image/jpeg",
    "size": 116853
  },
  "path": "/vlast-qazaqsha/68520-kkzide-mnajdy-sudan-igerudi-tabigattan-zogary-kou.html",
  "publishedAt": "2026-02-27T07:30:00.000Z",
  "site": "https://vlast.kz",
  "tags": [
    "Власть Qazaqsha",
    "бірінші бөлімді",
    "екінші бөлімді",
    "English",
    "русском"
  ],
  "textContent": "Көкжиде — Қазақстандағы ең ірі жерасты тұщы су көзінің бірі. Әртүрлі бағам бойынша, онда кемі 1,5 миллиард текше метр су қоры бар. Билік, тіпті, осы жерден су құбырын тартып, елдің батысын толық сумен қамтамасыз етуді жоспарлаған.\n\nӘйтсе де, дәл сол жерде сонау кеңес кезінде мұнай табылып, оны белсенді түрде өндіре бастаған. Қазір бұл маңайда қытайлық China National Petroleum Company (CNPC) компаниясына еншілес ұйым мен тағы төрт жеке компания мұнай өндіреді.\n\nМұнай мен су ресурстарының бір жерде шоғырлануы қоғам белсенділері, жергілікті тұрғындар мен экологтардың мұнай компанияларына қарсы күресуіне себеп болды. Бірі өндіріс кезінде суға мұнай өнімдері түседі десе, екіншісі «Көкжиде проблемасын» жоққа шығарады.\n\nБұл күреске үкіметтің ақпан айындағы «өнеркәсіп және экология қауіпсіздігі бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып» мұнай өндіруді жалғастыру туралы шешімі нүкте қойды.\n\n«Власть» Көкжиде су бассейні төңірегінде не болып жатқанын білу үшін мұнай компаниясы өкілдерімен, экологтармен және өңірдегі қоғам белсенділерімен сөйлесті.\n\nБұл — Көкжиде жерасты суы, мұнай компаниялары мен жергілікті тұрғындардың жағдайы туралы материалдар сериясының үшіншісі. Көкжиде маңындағы мұнай кенттері туралы бірінші бөлімді және өңірдегі еңбек жағдайы жайындағы екінші бөлімді оқи отырыңыз.\n\n_Read this article inEnglish._\n\n\n_Читайте этот материал нарусском._",
  "title": "Көкжиде. Мұнайды — судан, игеруді табиғаттан жоғары қою"
}