Қазақстандық веб-дизайнер Еуропада интернеттегі алаяқтықпен айналысатын ондаған платформа жасаған
Ольга Логинова, Оливер Фиск, «Власть», Эммануэль Моримон, RTBF.
Read this article in English.
_Читайте этот материал на русском. _
Ғаламтордан күмәнді немесе ашықтан-ашық алаяқтықпен айналысатын «инвестициялық платформаларды» жарнамалап тұрғаныңызды көрсеңіз, қандай күйде болар едіңіз?
«Төбемнен жай түскендей болды, көңіл-күйім түсіп кетті». — Бельгиялық RTBF телеарнасының жүргізушісі Фанни Жандрен сезімін осылай сипаттады. Оның бейнесін «трейдинг платформасын» жарнамалауға рұқсатсыз пайдаланған.
Әдетте, мұндай платформалардың артында шетелдік колл-орталықтардан, серіктес маркетинг компаниядан, IT мамандардан және әлемнің түкпір-түкпіріндегі сан түрлі компаниядан құралған күрделі халықаралық жүйе тұрады. Тез табыс табуды көздеп, ақша салған адамдардың қаражаты осы шиеленіскен байланыстың арасында жоғалып кетеді. Тез пайда табуды уәде еткен құралға ақша салған, ештеңеден күдіктенбеген жандардың қаражаты осы шиеленіскен тізбектің ішінде қолды болады.
Қазақстандық веб-дизайнер осындай ондаған сайт жасаған. Олардың арасында RTBF тележүргізушісінің атын жамылып, суретін рұқсатсыз пайдаланған платформа да бар.
Бұл сайттардың кесірінен Еуропа елдерінде жүздеген адам жинаған ақшасынан айырылып, зардап шеккен. Журналистер есептеген шығын көлемі миллиондаған еуро десек те, шығынның нақты ауқымы бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін.
Веб-дизайнердің кім екені және бұл істегі рөлі екі жыл бұрын анықталса да, Қазақстанның құқық қорғау органдары оның үстінен әлі ешқандай тергеу жүргізіп жатқан жоқ.
«Власть» басылымы мен Бельгияның RTBF телеарнасы бірлескен зерттеуінде халықаралық онлайн алаяқтық жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және бұл схемада қазақстандық дизайнер қандай рөл атқарғанын баяндайды.
Discussion in the ATmosphere