External Publication
Visit Post

«Оларға жағдайым орташа көрінгенімен, маған үйден аттап шығудың өзі мұң»

Последние новости Казахстана и мира - Аналитический интернет-жу… May 4, 2026
Source

Материалды дайындауға Назерке Құрманғазинова, Зарина Мардан, Фатима Әкім және Әсия Ондасынқызы қатысты.

Алматыда тұратын 47 жастағы Ольга Чуманова ішек обырының асқынған түрімен ауырады. Диагноз 2020 жылы қойылып, сол кезде ішек колостомасын емдеген. Кейінгі бес жылда екінші топтағы мүгедектік берілген. Ал 2025 жылдың қазанында жағдай күрт өзгерді. Комиссия «бұзылған өмірлік маңызды функциялар толық орнына келді» деп шешіп, Чумановаға үшінші топты тағайындаған.

Үшінші топқа ауыстыру Ольгаға ауыр соққы болды. Ол үнемі калостома қапшығымен жүруге мәжбүр әрі жанында біреу еріп жүрмесе, сыртқа шыға алмайды. Бірақ қағаз жүзінде «еңбекке қабілетті» деп саналады екен. Сонымен қатар, Чуманова екі баласын жалғыз асырап отырған ана ретінде әлеуметтік жеңілдіктердің бір бөлігінен де айырылды. Ал медициналық комиссияның шешімін сот арқылы даулау әрекетінен еш нәтиже болмай тұр.

Бұл жалғыз Чуманованың басындағы жағдай емес. Әлеуметтік желілерде мүгедектік тобын негізсіз төмендету туралы арыз-шағым жиі шығып тұрады. Науқастар жүйелі проблемаларға ұрынып жүр: медициналық-әлеуметтік комиссиядан (МӘС) өту кезінде ағзаның жай-күйіне тиісті баға берілмейді, ал қолданыстағы заңнама науқастардың өміріндегі барлық жағдайды толық қамтымайды.

«Власть» тиісті мүгедектік тобын қайтару жолында күресіп жүрген жандардың тағдырын баяндайды.

Discussion in the ATmosphere

Loading comments...