{
"$type": "site.standard.document",
"bskyPostRef": {
"cid": "bafyreia23nuut522v6muvcgyjlcb2vuqx66lz6fityh33tr5hhgbrzmxnm",
"uri": "at://did:plc:av64nrsc7sczp26nmabnikse/app.bsky.feed.post/3mjh5swozxku2"
},
"coverImage": {
"$type": "blob",
"ref": {
"$link": "bafkreif4oexnsdggrs6evgiasi7wk5sikpj3v4hkwoquotzvj5akswt3xe"
},
"mimeType": "image/png",
"size": 3077817
},
"path": "/vlast-qazaqsha/69023-trkistan-oblysyny-uran-ndiretin-kentterinde-eleusiz-kalgan-lastanu.html",
"publishedAt": "2026-04-14T09:00:00.000Z",
"site": "https://vlast.kz",
"tags": [
"Власть Qazaqsha",
"English",
"Reporterre.net",
"русском"
],
"textContent": "Қазақстан әлемдегі ірі уран өндіруші, бұл металдан негізінен ядролық реакторларға отын жасалады. Елдегі өндіруші жобалардың басым бөлігі Қазақстандағы кедей өңірдің бірі — Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан.\n\nСозақ ауданы Түркістаннан шалғайда орналасқан дейді жергілікті тұрғындар — маң дала мен Қаратау жоталарын кесіп өтіп, екі сағаттай жол жүру керек. Бірақ жергілікті тұрғындар географиялық орналасуы мен қаладан жүздеген шақырым қашық жатуын емес, билік пен медицина мамандарының назарынан тыс қалып жатқанын меңзесе керек.\n\n_Алмас Қайсар, Паоло Сорбелло және Ольга Логинова («Власть»), Александр Брутелл (EIF), Томас Барт, Алмас Қайсардың фотосуреттері._\n\n_Бұл зерттеуді Journalismfund Europe ұйымы ішінара қаржыландырды._\n\n_Read this article in_ English_.__Cet article est disponible en français (_ Reporterre.net_).___Читайте этот материал на русском.__\n\nТүйткілдер:\n\n 1. Қазақстандағы уран өндіретін негізгі өңірдің ауыз суында уранның және басқа да элементтердің мөлшері шекті көрсеткіштің орта мәнінен асады. Бұл облыс тұрғындарына зиянын тигізуі мүмкін.\n 2. Билік тау-кен өндіру кәсіпорындарының жұмысына мониторингті сирек жүргізеді. Негізінен компания берген есепке сүйенеді.\n 3. Экология заңын бұзып, айыппұл алған тау-кен өндіру компаниялары бұл шешімді инвестиция дауы деп қарастыруды талап етті. Ақырында шешім солардың пайдасына шықты.\n 4. Компаниялар да, билік те қоғамға экологиялық есепті көрсеткен емес. Жергілікті медицина мекемелерінде уран өндірудің адам денсаулығына кері әсерін мұқият талдау жүргізуге қажетті жабдық та, өкілеттік те жоқ.\n\n",
"title": "Түркістан облысының уран өндіретін кенттерінде елеусіз қалған ластану"
}