{
  "$type": "site.standard.document",
  "bskyPostRef": {
    "cid": "bafyreic4namuwg4ksbnjxjewxum2y5qkkjf4fydttn6pbaotw3azsgksmq",
    "uri": "at://did:plc:av64nrsc7sczp26nmabnikse/app.bsky.feed.post/3mixvskywktl2"
  },
  "coverImage": {
    "$type": "blob",
    "ref": {
      "$link": "bafkreidw6wot5mnceyllnbfx54vmctnmw2cd3nqqjmzscmsryt6w2tvtt4"
    },
    "mimeType": "image/jpeg",
    "size": 597021
  },
  "path": "/vlast-qazaqsha/68960-kazakstanda-kogam-densaulygy-turaly-tsinik-li-de-tolyk-kalyptaspagan.html",
  "publishedAt": "2026-04-08T06:55:00.000Z",
  "site": "https://vlast.kz",
  "tags": [
    "Власть Qazaqsha",
    "English",
    "русском"
  ],
  "textContent": "_Read this article in English._\n\n_Читайте этот материал на русском._\n\nАуаның ластануы деген ашық аспанды көруге кедергі келтіретін немесе жөтелге алып келетін тұмшамен шектелмейді. Қазақстанның кейбір қалаларында қалыптасқан ахуал қоғам денсаулығына қатысты айтарлықтай проблема тудырып отыр.\n\nБіз биология ғылымдарының докторы және иммундау мен жаһандық денсаулық мәселесі жөніндегі халықаралық консультант Әсел Мұсабековамен әңгімелестік. Мұсабекова ауаның ластануы халықтың денсаулығына төнген қатер деп санайды, оның респираторлық және жүрек-қантамыр ауруларынан бастап, психикалық саулық пен когнитивтік бұзылу проблемаларына дейінгі өмірдің түрлі аспектісіне ұзақ мерзімге тигізетін салдары бар.\n\nМұсабекова диагностика жеткіліксіз, ал ғылыми деректер елеусіз қалып отыр дейді. Соның кісірінен ластанған ауаның халық денсаулығына әсерін толық мойындауға кедергі болып отырған негізгі мәселелерді де атады. Бұл мәселелер кері салдарды жоюға арналған нақты саясат әзірлеуге көмектесер еді.\n",
  "title": "«Қазақстанда қоғам денсаулығы туралы түсінік әлі де толық қалыптаспаған»"
}