«Қытай репрессиясы трансшекарадан асып кетті»
Былтыр 13 қараша күні он тоғыз адам Алматы облысында тас жол бойында жиналды. Олардың қолында Қытай Халық Республикасының туы мен оның төрағасы Си Цзиньпиннің портреті болды, кейін оны өртеп жіберді.
«Бауырымыз, Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайдың себепсіз ұсталғанына 120 күннен асты, ол Қытайдың түрмесінде жатыр. Қытай тәуелсіздігімізді, Қазақстан құжаттарын мойындамайды. Қаншама бауырымыз бен қарындасымызды лагерьде ұстап отыр, қаншасы өлді, зардап шекті. Біз Қытайға қарсымыз», — деді сонда саяси белсенді Бекзат Мақсұтхан. Жанындағы ер кісі оның сөзін қытайша қайталады.
Жиналғандардың басым бөлігі — бір кездері Шыңжаңдағы мұсылмандарға қарсы репрессияға қарсы құқық қорғаушыларды, азаматтық белсенділер мен Қытайдан қоныс аударған этникалық қазақтарды біріктіру мақсатында құрылған тіркелмеген «Атажұрт» партиясының мүшесі.
Олар Қытай құқық қорғау органдарының сонда туып-өскен Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды ұстауына байланысты наразылық акциясына шықты.
Бірер минуттан кейін наразылар ұсталды. Бұдан кейін Қытай тарапынан дипломатиялық нота жолданып, ұсталғандардың үстінен «араздық қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Читайте этот материал на русском.
Discussion in the ATmosphere