{
  "$type": "site.standard.document",
  "bskyPostRef": {
    "cid": "bafyreifzevnjo5hfbupvh4appzdd5w2jgonpkryiwrcjsgkfr3av3ggik4",
    "uri": "at://did:plc:av64nrsc7sczp26nmabnikse/app.bsky.feed.post/3mhii5gellzf2"
  },
  "coverImage": {
    "$type": "blob",
    "ref": {
      "$link": "bafkreie7z6uzjam2obfkmses75kshheccsiq54fddq6o6l5pl44t5h6m4a"
    },
    "mimeType": "image/jpeg",
    "size": 67902
  },
  "path": "/vlast-qazaqsha/68800-nege-kazakstan-li-knge-dejin-aua-sapasyn-keestik-lsemmen-eseptejdi.html",
  "publishedAt": "2026-03-20T10:30:00.000Z",
  "site": "https://vlast.kz",
  "tags": [
    "Власть Qazaqsha"
  ],
  "textContent": "Алматыдағы Ескі алаңға екі жарым мыңдай адам марафонға жиналды. Барлығының көңіл-күйі көтеріңкі. Марафон қаланың орталық көшелерінде өтті. Сол күні таңертең көптен бері қалада көлік қозғалысы шектеліп, көшелер бір босап қалды.\n\n«Almaty Air Initiative» қорының мәліметінше, дәл осы 16 қараша күні ауаның ластануы былтыр күз бойы тіркелген PM 2,5 бөлшектерінің ең жоғары көрсеткішіне жетіп, маусымдағы ауасы ең «лас» күн тіркелді. Көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынған шекті деңгейден жеті есе асып кеткен.\n\nТәуелсіз мониторинг мамандары ауаның мұндай деңгейін денсаулыққа аса қауіпті деп бағалағанымен, қазақстандық метеорология қызметтері халыққа ескерту жасауы үшін бұл көрсеткіш әлі де «жеткіліксіз». Неге бұлай екенін талдап көрейік.",
  "title": "Неге Қазақстан әлі күнге дейін ауа сапасын кеңестік өлшеммен есептейді?"
}