External Publication
Visit Post

Иаков Воронцов, Украинадағы соғыс және Қазақстандағы православие жайы

Последние новости Казахстана и мира - Аналитический интернет-жу… March 12, 2026
Source
Бұрын шіркеу қызметшісі болған Иаков Воронцов ақпан айында есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін алдымен әкімшілік құқық бұзу ісі бойынша ұсталып, 10 тәулік қамауға алынды. Әкімшілік қамауға алу мерзімі аяқталған соң оған Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып, екі айға қамалды, атап айтқанда: 302-бап (есірткі притонын ұстау) және 296-бап (есірткіні өткізу мақсатынсыз сақтау). Қазірше Иаков Воронцов күдікті. Алайда Воронцов үйінде притон болғанын жоққа шығарып отыр. Ол тағылған айып Қазақстанда тәуелсіз православие шіркеуін құрмақ болған әрекетіме қатысты дейді. «Власть» Воронцов осыған дейін Қазақстанда Орыс православие шіркеуіне бағынбайтын жаңа православие шіркеуін құрмақшы болғанын, Қазақстанның Орыс православие шіркеуінен алшақтауы қалай саяси ахуалдың шиеленіскенін білдіретінін баяндайды.

Discussion in the ATmosphere

Loading comments...