{
  "$type": "site.standard.document",
  "bskyPostRef": {
    "cid": "bafyreid3sa64vw3wx4m5y35u77stvi7edpzhm25ihdobn4qlrlauug7zle",
    "uri": "at://did:plc:av64nrsc7sczp26nmabnikse/app.bsky.feed.post/3mg7regrumgk2"
  },
  "coverImage": {
    "$type": "blob",
    "ref": {
      "$link": "bafkreif4gglw55pcuqwbfqqlrlecby7x3nk7bwnwhfnxdzf3gkyd3u7ala"
    },
    "mimeType": "image/jpeg",
    "size": 111918
  },
  "path": "/vlast-qazaqsha/68573-iranga-zasalgan-sokky-mnaj-bagasyna-kalaj-ser-etpek.html",
  "publishedAt": "2026-03-04T06:00:00.000Z",
  "site": "https://vlast.kz",
  "tags": [
    "Власть Qazaqsha"
  ],
  "textContent": "АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққысы мұнай бағасының 10%-дан аса қымбаттауына алып келді және бұл үрдіс әлі де жалғасуы мүмкін. Әскери операциялар Иранды Ормуз бұғазын ішінара немесе толықтай бұғаттауға итермелеп отыр. Айта кетерлігі, әлемде тұтынылатын мұнайдың бестен бір бөлігі дәл осы жерден өтеді. Бұғаз жабылса, қара алтын бағасы үш таңбалы көрсеткішке жетуі ықтимал. Ал оқиға барынша ушықса, әлем экономикасында инфляцияның жаңа толқыны пайда болып, соңы рецессияға (тоқырауға) әкелуі мүмкін.",
  "title": "Иранға жасалған соққы мұнай бағасына қалай әсер етпек?"
}