External Publication
Visit Post

«Нені тыңдау керегін біз шешеміз»

Последние новости Казахстана и мира - Аналитический интернет-жу… March 2, 2026
Source
Бүгінде қазақ музыкасы прайм кезеңін бастан өткеріп жатыр. Әндердің тақырыбы мен жанр аясы кеңейіп, елдегі дағдарыс оқиғалары мен әлеуметтік мәселелерді батыл көтеретін туындылар көбейді. Орындаушылар да халықаралық сахналардан жиі көріне бастады. Мәселен, жуырда әнші Yenlik әлемге танымал COLORS платформасында өнер көрсетіп, бұл жобаға қатысқан алғашқы қазақстандық орындаушы атанды. Алайда креатив индустрияны қолдау туралы мемлекеттік саясат жарияланғанымен, сала дамыған сайын әртістерге қойылатын шектеулер де көбейіп келеді. 20 сәуірден бастап отандық және шетелдік орындаушылардың концерттері жаңа талаптар бойынша өтпек. Енді іс-шараларды өткізу туралы келісімшарттарда әртістердің міндеттемелерін, соның ішінде репертуарға қойылатын талаптарды бекіту жоспарланып отыр. «Власть» музыка индустриясының өкілдерімен, концерт ұйымдастырушыларымен сөйлесіп, мұндай шаралардың шығармашылық еркіндікке және музыка саласының дамуына қалай әсер ететінін сұрады.

Discussion in the ATmosphere

Loading comments...