External Publication
Visit Post

Алматының ұзаққа созылған жобалары

Последние новости Казахстана и мира - Аналитический интернет-жу… February 25, 2026
Source
Жаздың аптап ыстығында ауа райына сай киінбеген Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды Жібек жолы көшесінде тұр. Оған жаяу жүргіншілер көшесін реконструкциялау жоспарын таныстырып жатыр. Әкім «нақты тапсырмалар» берді, ал баспасөз қызметі жөндеу жұмысы жаз соңында басталады деп хабарлады. Жарты жыл өтсе де, көшеде жұмыс басталған жоқ, Алматыда мұндай тәжірибе қалыпты жағдайға айналған. Қалада бастапқыда айтылған мерзімге үлгерген бірде-бір жоба болған жоқ деуге болады. Жұмыс көлемі ауқымды болмаса да, мерзімі созылып кетеді: Астана алаңындағы скверді жөндеу бақандай үш жылға созылды (әлі де кей бөлігі аяқталған жоқ), Верный обсерваториясына қатысты жағдай 2016 жылдан бері созылып келе жатыр, ғимараты сол жылы жөнделгенде ішінен музей ашылады деп айтылған еді. Қаланы әрі қарай дамытуға аса қажет маңызды экология және көлік жобалары да жылдан-жылға шегеріліп келеді: жылу электр орталығын газға көшіру, метро, трамвай, веложол, автобустарға газ құбыры станциясын және Есентай өзенінің үстінен көпір салу осы қатарда. «Власть» құрылысы созылып кеткен бірнеше жобаны мысалға алып, қала жобалары бюрократияға белшеден батуына не себеп болғанын сарапшылардан сұрады.

Discussion in the ATmosphere

Loading comments...