{
  "$type": "site.standard.document",
  "bskyPostRef": {
    "cid": "bafyreifqf3vnkpxz5fdxhofso5lo56yi5buqxyazq36haggl7icnesjrc4",
    "uri": "at://did:plc:av64nrsc7sczp26nmabnikse/app.bsky.feed.post/3melbqa5sz342"
  },
  "coverImage": {
    "$type": "blob",
    "ref": {
      "$link": "bafkreihhg5f3hzjwekzcz2m3s7eo2cbv7eehvs7ajpkvdhqnks5jldtd5y"
    },
    "mimeType": "image/jpeg",
    "size": 119192
  },
  "path": "/vlast-qazaqsha/68338-zaa-konstitucia-bilik-vertikaline-kandaj-zgeris-keledi.html",
  "publishedAt": "2026-02-11T08:45:00.000Z",
  "site": "https://vlast.kz",
  "tags": [
    "Власть Qazaqsha",
    "жаңа нұсқасын"
  ],
  "textContent": "Қаңтар айының соңында конституция комиссиясы Қазақстан Ата заңының жаңа нұсқасын жариялады, комиссия мүшелерінің айтуынша, ол «қоғам сұранысы мен уақыт талабына сәйкес келеді». Бұл Конституцияның бастапқы редакциясы, оған әлі де түзету енгізілуі мүмкін, ал соңғы нұсқасы референдумға шығарылады.\n\nКонституция жобасына жасалған талдау президенттің өкілеттігі күшейетінін, биліктің қалған органдары әлсірейтінін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, мемлекет ұлттық мүддені және азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау деген желеумен қоғамды бақылауға көбірек мүмкіндік алады.",
  "title": "Жаңа Конституция билік вертикаліне қандай өзгеріс әкеледі?"
}